• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:16:09
Алматы
+35°

Қазақстанның бас прокуратурасы ел азаматарын заңсыз минтингілер мен шерулерге шықпауға шақырып, ескерту жасады. Прокуратура ескертпесінде жуырда қоғам наразылғына қарамастан қабылданған бейбіт жиындар туралы заң негізге алынған. 

"Жаңадан белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу заңсыз болып табылады және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады (тіпті 15 тәулікке қамауға алуға дейін).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 400-бабы).

Осыған байланысты, азаматтарды арандатушылық жасамауға және заңсыз жария акцияларға қатысудан бас тартуға, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу кезінде жаңа заңның ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз" делінген прокуратура хабарламасында. 

Бұған дейін Демократиялық партия құру бойынша бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай, Қазақстанда экстримистік деп танылған "ҚДТ" ұйымның жетекшісі Мұхтар Әблязов, тіркелмеген "Еркін қазақ" партиясының жетекшісі Ержан Тұрғынбай өз жақтастарын 6 маусым күні билікке қарсы минтингіге шығуға шақырған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: митинг партия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір