• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:28:45
Алматы
+35°

"Сәрсенбі күні кешке Нью-Йорк қаласы Бруклин ауданында екі полиция қызметкері оққа ұшты, ал үшіншісі пышақталды. Бұл туралы Қамшы тілшісі  The New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Оқиға Флатбуш даңғылында сағат 11:45-те болған. Оқиға орнына бірнеше полиция қызметкері жетіп, күдіктінің қару-жарағын тартып алды" деп жазды басылым.

"Полиция қызметкерлері өмірге қауіп төндірмейтін жарақаттармен Кингс Каунти ауруханасына жеткізілді" дейді жергілікті билік өкілдері.

Күдікті қамауға алынған. Нью-Йорк полиция департаменті комиссары Дермот Ши атыс туралы баспасөз конференциясында "бұл ешқандай қорғалмаған полиция қызметкеріне жасалған шабуыл" деп мәлімдеген.

– Менің ойымша, біз бәріміз шаршадық, біз бұл зорлық-зомбылықты тоқтатуымыз керек, – деген Дермот Ши.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нью-Йорк полиция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір