• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:10:51
Алматы
+35°

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі ауысты. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Оның орнына бұған дейін Қауіпсіздік кеңестің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған Ерлан Байтұқбаев келді.

Ерлан Байтұқбаев 1969 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін  тәмәмдаған (мамандығы "құқықтану").

Еңбек жолы Алматыда Фрунзе ауданы прокурорының көмекші-стажері ретінде бастады. Түрлі жылдары прокурор, аға прокурор, Қостанай облысы прокурорының орынбасары, Орталық көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, инвестициялар және даму министрлігі комитеті басшысының орынбасары болған.

Тағайындауға дейін Қауіпсіздік Кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір