• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:24:12
Алматы
+35°

Мақтаарал ауданына Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының Алматы облыстық филиалы атынан гуманитарлық көмек келіп жетті.

Керуенмен жеткен азық-түлік алдағы уақытта тасқыннан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады.

Жетісулық керуенді бастап келген Алматы облысы ұйғыр этномәдени орталығының Талдықорған қаласындағы өкілі Нурум Ивуллаев.

Керуен 7 тоннаға жуық 140 түрлі азық-түлік жиынтығын ала келген. Сондай-ақ, делегация мүшесі, ұйғыр мәдени орталығының белсендісі Фархад Сәбитов қиналған шақта отандастарды қолдау – әрбір қазақ жерін мекендеген азаматтың борышы екендігін айтты.

«Бүгін мақтааралдық ағайынға Талдықорғаннан арнайы көмек ретінде азық-түлік ала келдік. Бұл екінші рет келуіміз. Осындай шақта бірге екендігімізді көрсетіп, ынтымағымызды іспен паш етуіміз керек.

Қазір жалпы соммасы 2 млн теңгеге жуық жүк келді. Оның ішінде 250 келі күріш, 100 келі қант және өзге де қажетті азықтар бар. Елімізді апат пен зілзаладан сақтасын», – деді ол.

Керуенді күтіп алған Мақтаарал аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Сәрсекбаев Жетісу өңірінен көмегін ала келген ағайынға жергілікті халық атынан алғысын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір