04 Маусым, 2020 Оқиғалар

Тайыншадағы төбелес: Кен орнының қожайындары нені бөлісе алмады? (видео)

Сол жерде 40 шақты адам жаға жыртысқанын полиция растады

Төбелестен зардап шегуші

Солтүстік Қазақстан облысында кен орнының қожайындары арасында жанжал туды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі АстанаTV арнасына сілтеме жасай отырып

Тараптардың жанжалы бейнетаспаға жазылып, дереу әлеуметтік желіде тарап үлгерді.

Төбелеске ұласқан дау Тайынша ауданындағы титан-цирконий кен орнында болды. 2004 жылы ашылған кәсіпорынның бүгінде жеті бірдей құрылтайшысы бар. Қожайындар компанияның табысын бөлісе алмағанға ұқсайды. Бір ымыраға келе алмаған соң, қарағандылық екі құрылтайшы күзет компаниясының қызметкерлерін шақыртып, кен орнына баса көктеп кірмекші болған.

Бұған жергілікті жұмысшылар кедергі болды. Сол жерде 40 шақты адам жаға жыртысқанын полиция растады. Оқиға орнына дереу тәртіп сақшылары жетіп, жағдайды бақылауға алды. Қантөгістің салдарынан он адам дәрігердің көмегіне жүгінді. Бұл фактіге қатысты құзырлы орган қылмыстық іс қозғаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлімі және 252-бабына сәйкес, яғни бұзақылық пен қызметтік бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелес барысында белсенділік танытқан 1994 және 1998 жылғы қос азамат ұсталды. Қазір тергеу жұмыстары қолға алынды, – деп мәлімдеме жасады СҚО Полиция Департаменті басшысының орынбасары Еңбек Сембин




Ілмек сөздер: төбелес жанжал 2020

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір