• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:33:16
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Бас прокурор Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті. 

Сондай-ақ мемлекет басшысына ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.  

Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір