• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:17:46
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Талғатұлы Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Камалжан Надыров денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.

Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, «The Fuqua School of Business» Duke University-де (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур) оқу орындарында білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер болып бастап, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б.О. Жарбосынов атындағы «Урология ғылыми орталығы» бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2014 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары «Республикалық диагностикалық орталық» («University Medical Center») директоры қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.

2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір