• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:26:49
Алматы
+35°

02 Маусым, 2020 Әлем

Африкадағы Эбола безгегі: жаңа індет пайда болды ма?

1 маусымда Конго Демократиялық республикасы елде Эбола безгегі шыққанын мәлімдеді

көрнекі сурет

1 маусымда Конго Демократиялық республикасы елде Эбола безгегі шыққанын мәлімдеді. Дерттен бес адам қайтыс болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Эбола безгегі Мбандака қаласында тарай бастаған.

1,5 миллион халық тұратын қалада Эбола безгегінен бес адам қайтыс болды, тағы екі адамнан осы диагноз расталған. Осыған байланысты үкіметтегілер шұғыл түрде өңірлерге дәрігерлер мен дәрі-дәрмектер жіберіп жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері Мбандака қаласына ұшып барған. 

– "ДДҰ өкілдері қазір Мбандакада, науқастарға көмек көрсетіп жатыр. Бұл дерт бізге әлемде халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жалғыз дерт емес екенін еске салады. (...)"деп жазды ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Twitter желісіндегі парақшасында.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: эбола безгег індет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір