• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:51:14
+35°

"Солтүстік Кореядағы өмірі туралы қорықпай айтқан ержүрек адамдар Қытайдағы мафиялардың Ким Чен Ынға көмектесетінін мәлімдеді" деп жазды The New York Times Post.

Басылымның ақпаратынша, Солтүстік Кореядан қашып шыққан Пак Енми есімді қыз жеті жыл бойы жасырынып жүруге мәжбүр болған. Оның себебі қытай мафиялары Солтүстік Кореядан қашқандарды қорқытып, пайдаланады немесе Ким Чен Ынға қайта тапсырып береді.

Пак Енми Солтүстік Кореядан қашқаннан кейін басынан өткерген қиыншылықтарын егжей-тегжейлі айтып берді. Ол Кимнің әкесі Ким Чен Ирдің кезінде Cолтүстік Кореяда болған.

– Жас әйел іс жүзінде Солтүстік Кореямен шекараласатын Қытай қаласында тұрған, – деп хабарлаған Австралиялық «Dateline» шоуының 2014 жылғы үзіндісі.

Солтүстіккореялық қыздың айтуынша, Қытай мафияларына қатысы бар жергілікті мейрамханалар оны  пайдаланған. Пак Енми және оның таныстары қашып кетуге тырысқанда, мафиялар оларды қуып жетіп, оларды өлтірмек немесе Солтүстік Кореяға қайтарып бермек болған.

Пак Енмиге "сенің Солтүстік Кореядан екеніңді білеміз, сондықтан осында жұмыс істеуге рұқсат бергеніміз үшін бізге ризашылық білдіруің керек. Ақша туралы ойлама" деген.

– Бұл менің жұмысыма ақы төленбейді деген сөз, – деген солтүстіккореялық әйел. 

– Өте қорқынышты  болды. Олар мені қорқытты, егер мен қашып, олар ұстап алса, мені өлтіретіндерін білдім. Мен тек соны білдім. Бұл менің Оңтүстік Кореяға келуімнің басты себебі болды, – деді ол.

Пак ханымның көптеген оқиғалары туралы айту тым ауыр екенін және оларды сипаттаудан қорқатынын айтқан.

– Сіз маған ең қатал және қорқынышты сұрақ қойдыңыз, сіз менен сұрағанда қатты уайымдадым, – деді ол.

2014 жылы қаңтарда Пак ханым Оңтүстік Кореядан баспана алғанға дейін оның отбасы оны "қайтыс болды" деп ойлаған, алайда үміттерін үзбеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Солтүстік Корея

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір