• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:30:36
Алматы
+35°

көрнекі сурет

АҚШ президенті Дональд Трампты «Ақ Үйдің» жанында болған ереуілден кейін жерасты бункеріне жасырған. Бұл туралы  The New York Times жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Басылымның жазуынша, Қауіпсіздік қызметі АҚШ президентін жерасты бункеріне жіберу туралы шешімді неге қабылдағаны түсініксіз. Себебі ол жер төтенше жағдайда қолданылатын президенттің жасырын орны.

The New York Times-тың хабарлауынша, Дональд Трамп осы жексенбі күні қоғам көзіне түспеді. Бірақ президент кеңесшілері оған телеарналар арқылы жолдау жасасын деп кеңес берген-ді. Трамп тек Twitter парақшасына хабарлама жазуды жөн санады, көмекшілері оған мұның дұрыс емес екендігін ескерткен. Президент демократтар тарапына бірнеше сын жазбалар жазған, бірақ ол өзінің ойынша онша қатты айтылған дүние емес .

Демонстраттар Ақ үйдің жанында тәуліктей уақыт жүрген. БАҚ мәлімдегендей 60-қа жуық офицер мен Қауіпсіздік қызметінің арнайы жасақ агенті жарақат алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір