• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:28:11
Алматы
+35°

АҚШ президені Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасына Ақ үйдегі брифингтің 9 минут 26 секундтық үзінді видеосын жариялады. Видеода Трамп "кейбір қытайлық азаматтардың АҚШ-қа кіруін уақытша тоқтататынын" айтты. 

Қытайды "АҚШ-тың индустриялық құпияларын ұрлау үшін «заңсыз тыңшылық» жасады" деп айыптаған Дональд Трамп Қытайдың кейбір азаматтарының Америкаға кіруіне тыйым салатынын жеткізді. Белгілі студенттердің Қытайдан АҚШ университеттеріне келуін тоқтата тұру туралы мәлімдеме шығаратынын жариялады.

– Бірнеше жылдар бойы Қытай үкіметі біздің индустриялық құпияларды ұрлау мақсатында заңсыз тыңшылық жасады. Бүгін мен мемлекетіміздің маңызды зерттеулерін жақсартуға шақырамын және біздің қауіпсіздігіміздің ықтимал қатері ретінде анықталған кейбір қытайлық азаматтардың Америкаға кіруін тоқтата тұруға шақырамын, – деді АҚШ президенті.

Айта кетейік, кеше Трамп әкімшілігі қытайлық студенттердің визасын жарамсыз етуге дайындалып жатқаны жайында Ақ үйдің ішкі талқылауына қатысқан бір шенеуніктің бейресми мәлімдемесін жариялаған болатынбыз. Ақ үй шенеунігі бұйрықтың "осы аптаның ішінде тез арада жариялатынын" айтқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп АҚШ Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір