• USD 412.55
  • EUR 468.66
  • RUB 5.79
  • CNY 58.8

29 Мамыр, 2020 NEWS

Трамп әкімшілігі Қытай студенттерінің визаларын жарамсыз етпек

Көрнекі сурет

Трамп әкімшілігі "Қытай әскери күштерімен байланысты болуы мүмкін" деп болжанған мыңдаған қытай студенттерінің визаларын жарамсыз етуді жоспарлап отыр. Ақпарат туралы алғаш жазған Нью-Йорк Таймстың мәліметінше, бұл қадам 3000-нан 5000-ға дейінгі қытайлық студенттерге әсер етуі мүмкін. 

Нью-Йорк Таймстың ақпаратынша, АҚШ-тың бір лауазымды тұлғасы және президент әкімшілігінің ішкі талқылауларымен танысқан тағы бір адам бұйрық осы аптаның ішінде тез арада жариялануы мүмкін екенін мәлімдеген .

Ішкі талқылауларға қатысқан қызметкердің ақпаратынша, Америка Құрама Штаттарында жүрген қытайлық студенттердің визалары күшінен қалдырылып, елден шығарылады. Ал АҚШ-тан тыс жүрген қытайлық студенттерге қайта Америкаға кіруге рұқсат берілмейді.

– Бұл қадамның негізгі мақсаты - кейбір қытай азаматтарының АҚШ университеттері мен колледждеріне барып, тыңшылық пен зияткерлік меншік ұрлығын жасауына тыйым салу,– деп хабарлаған ақпарат көздері. 

Нью-Йорк Таймстың мәліметінше, мұндай шешім кейбір АҚШ университтері жағынан қарсылыққа ұшырауы мүмкін, себебі АҚШ жоғары оқу орындарында білім алатын 360,000 қытай азаматы жыл сайын оқу және басқа төлемдер арықылы оларға 14 млрд доллар қаржылық табыс әкеледі.

Ілмек сөздер: АҚШ Қытай Виза

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір