• USD 412.55
  • EUR 468.66
  • RUB 5.79
  • CNY 58.8

29 Мамыр, 2020 NEWS

Қазақстанда кімдер тегін ұша алады?

airlinereporter.com

Қазақстанда ел ішінде демалатын он бес жасқа дейінгі балалар тегін ұшады. Бұл туралы "Қазақтуризм" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтар енді екі баласы үшін ұшаққа билет сатып алмаса да болады.

Жоба"1+2" есебімен 2 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін ел ішінде ұшуға кететін шығынды өтеуді көздейді.

– Қазақстандықтарды ел ішінде демалуға ынталандыру үшін біз "KIDS GO FREE" жобасын әзірледік. Республикалық бюджеттік комиссия қарауы үшін қаржы министрлігіне енгіздік, – деді "Қазақтуризм".

Ұлттық компанияның есебінше, бұл – демалысты 30%-ға арзандатуға мүмкіндік береді.

100 мың отбасы немесе 600 мың қазақстандық үшін 7,6 млрд теңге субсидияланған кезде, 33 млрд теңгеден астам қаржы ел экономикасына түседі. Яғни, Қазақстан экономикасына бір теңге субсидияға 5 теңге келеді.

Қазақстан ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, былтыр ішкі туристің орташа чегі 108 мың теңгені құрады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір