• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:43:56
Алматы
+35°

Ақтөбеде мейрамхана қызметкерлер мен асабалар, фотографтар биліктен тойханалардың ашылуын сұрап, наразылық акциясына шықты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Информбюро дерегін негізге алып хабарлайды.

Азаматтар облыс әкімдігінің алдына барып, тойханалардың ашылуын талап еткен. "Карантинде жатып, табыссыз қалдық" деген олар "билік ең болмаса алдағы үш айлық маусымда 150 адамға дейінгі тойларды жасауға мүмкіндік берсін" дейді.

– Өнер адамдарының барлық табыс көзі той бизнесі. Қазіргі уақытта үлкен сауда орындарында мыңдаған адам бар. Неліктен 200-300 адамдық мейрамханаларды ашуға рұқсат бермейді. Той саласындағы мейрамханалардың толық ашылуын, жұмыс жасауын барлық өнер адамдары талап етіп, келіп тұрмыз, – дейді Нұрлан Қарағозин атты асаба.

Сонымен қатар, наразылық акциясына шыққан Кәмшат Аманғалиева қаншама адамның жұмыссыз қалғанын айтып, несиелерін төлеу қиын болып жатқанын жасырмады . 

Жиналғандардың сыртынан полиция қызметкерлері бақылап тұрды. Әкімдік адамдары елдегі коронавирустың өршіп тұрғанын ескертіп, халықты сабырға шақырды.

Тазалық мамандарының айтуынша жиналған халықтың талабын орындау мүмкін емес. Өйткені қазіргі уақытта облыста коронавирустың тіркелу пайызы әлі де азаймай тұр. 

– 5 пайыздан төмен болса, сол кезде 30 орынға дейінгі кафелерге ашылуға рұқсат беріледі. Ал бізде 5 пайыздық көрсеткіш жоқ. Облыста қазіргі уақытта 7,8 пайыз, Біз оған қарамай 50 орынға дейін рұқсат беріп отырмыз, – деді Ақтөбе облысы қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева. 

Енді ақтөбелік асабалар мен мейрамхана қызметкерлері үкіметтен көмек сұрап, талаптарын Нұр-Сұлтанға жолдамақшы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір