• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:08:34
+35°

27 Мамыр, 2020 NEWS

«Шешімі бар» бағдарламасы арқылы Алматыда 4-отбасы баспаналы болды

Бағдарламаның «Болмаған балалық шақ...» атты шығарылымы бүгін сағат 18.10-да «Алматы» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

almaty.tv

«Алматы» телеарнасының «Шешімі бар» бағдарламасы арқылы төртінші отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Санжар Бегімбетов – 10-сынып оқушысы. Ол Алматы қаласы Наурызбай ауданында анасымен бірге аядай ғана тар бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. Осыдан 5 жыл бұрын жанарынан айырылған анасы жұмыссыз үйде отыр. Анасының денсаулығына байланысты күнкөрісі нашарлап кеткен соң, Санжардың ерте жастан еңбекке араласуына тура келеді.

«12 жасымнан жұмыс істей бастадым. Бастапқыда базарға шығып нан сатып жүрдім. Бар тапқан ақшамды анама әкеліп беремін. Өйткені, пәтерақы, коммуналдық төлемдер, күнделікті азық-түлік сияқты шығындардың бәрін төлеу үшін ақша керек болды», - дейді Санжар.

Санжар анасының көзі қалпына келсе деп армандайды. Емдетуге қаражаты жетпейді. Дәрілері де қымбат. Қазір ол үйінің жанындағы көлік жуу бекетінде жұмыс істейді. Күнделікті сабағы аяқталған соң осында келіп, 2-3 мың теңге табады. Бар тапқанын жинап, анасы екеуі қажетті шығындарына жеткізуге тырысады.  

«5 жыл бұрын қос жанарымнан айырылып қалдым. Жолдасым тастап кеткен... Жалдамалы пәтерге 15 мың теңге, газ бен жарық үшін 4 мың теңге төлеп тұрып жатырмыз. Бұрын тігіншілікпен айналысқанмын. Қазір өздігімнен жүріп-тұра алмаймын... Отбасымыздың бар ауыртпалығы 10-сынып оқитын ұлымның мойнында», - деп көзіне жас алады жалғызбасты ана Қамаш Бекімбетова.

Үшінші маусымы көрермендерге жол тартқан «Шешімі бар» әлеуметтік бағдарламасының бүгінгі кейіпкері Санжар мектеп бітірген соң оқуға тегін түсе алатын болды. Сондай-ақ, анасының көз жанарын толық тексеруден өткізіп, мүгедектікке шығаруға мүмкіндік алды. Құжаттарын қалпына келтіруге нақты әрекеттер жасалды. Ең бастысы, бағдарламада «Харекет» қайрымдылық қоры мұңлық жандардың арманын орындап, баспана кілтін табыс етті! Бұл – «Шешімі бар» бағдарламасында мұқтаж жандарға табысталған төртінші баспана.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір