• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:39:40
Алматы
+35°

Шымкенттегі ИЧ 167/10 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 36 жастағы ер адамның қашып кеткені белгілі болды. Сотталушы өзінің ғашығымен кездесу үшін түрмеден қашқан, деп жазады otyrar.kz сайты. 

Аталмыш оқиға 22 мамрда болған. Ұрлық және басқа да қылмыстары үшін 6 жылға сотталған азамат колониядан белгісіз бағытта қашқан. 

"Жедел топ бірден қашқынды іздеуге кірісті. Полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері жұмылдырылды. Бір жарым күннен соң ер адамның Тоғыс ауылында екені анықталды. Түзеу мекемесіне жеткізіліп, изоляторға қамалды", - деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесінің Шымкент қаласындағы департаменті.

Ол түрмеде жатқан кезде әйелмен хат арқылы танысқан. Сотталушы түрмеден қашып, кездесуге бармақ болған. Қазір колония басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір