• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:39:51
Алматы
+35°

Еліміз пандемияның шарықтау шегінен өткенімен, індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

– Коронавирус індеті жұмысымызға елеулі өзгеріс енгізді. Қазіргі таңда еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті. Бірақ індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Бұл індет өте қауіпті. Батпандап кіреді, мысқылдап шығады, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент коронавирус індеті қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгерткенін атап айтты.

– Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті. Осыған сәйкес мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ. Пандемия біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болып отыр. Қазақстан халқы ешқашан да қиындыққа мойыған емес және осы жолы бірлігіміздің бекем екенін көрсеттік. Біз ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз деп сенемін, – деп атап өтті мемлекет басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір