• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:18:27
Алматы
+35°

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Тоқаев мемлекеттік тіл мәселесіне тоқталып, Тіл комитетін білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізу керектігін айтты.

– Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруымыз қажет. Бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аударған жөн. Олар тіл үйрету барысында негізінен оқу орнындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан Тіл комитетін 2021 жылдан бастап білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді, – деді ол.

Сондай-ақ президент жыл сайын 100 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлу керектігін айтты. Ол үшін докторантураны бітірген ғалымдардың шетелде тағылымдамадан өту үшін арнайы мемлекеттік тапсырыс берілуі қажет.

Сондай-ақ докторантура гранттарының санын арттырып, стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көтеру керектігі айтылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: білім саласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір