• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:33:45
Алматы
+35°

Президент Қ.Тоқаев 2025 жылға қарай елде білім саласына бөлінетін қаржы 6 есеге, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есеге артатынын айтты.

– Қазақстан білім саласында көптеген көрсеткіштер бойынша әлем елдерінен артта келеді. Бұл – ең бірінші кезекте аталған салаға бөлініп келген қаржының аздығынан. Қазақстан әр білім алушыға орташа есеппен жылына 1 мың доллар жұмсайды. Ал білім саласы бойынша озық ондықтағы елдер әрбір білім алушыға 10 мыңнан 14 мың долларға дейін жаратады. Осыны ескеріп, 2025 жылға қарай елде білім саласына бөлінетін қаржы 6 есеге, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есеге арттырылады, – деді президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы отырысында.

Оның сөзінше, білім сапасын көтеруде инфрақұрылымды дамыту аса маңызды. Сондықтан сыныптарда оқушылардың саны аз болуға тиіс. Бұл мақсатта 2025 жылға дейін елде жаңадан 800 мектеп, 114 интернат тұрғызылады.

Президент сондай-ақ қала мен және ауылдық мектептеріндегі білім сапасы арасындағы алшақтықты жақындату керектігін атап өтті. Бүгінде алшақтық 1 жарым жылды құрайды.

– Ол үшін ауыл мектептерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету керек. Дипломмен ауылға бағдарламасын жасадық. Бірақ ол бойынша жастар ауылға көптеп барып жатқан жоқ. Сондықтан ауыл ұстаздарының еңбекақысын көбейте түсеу керек, – деді мемлекет басшысы.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: білім саласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір