• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:27:06
Алматы
+35°

Шетелдегі қандастарға бөлінетін грант санын көбейту керек. Бұл ұсынысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов айтты. 

"Бізге шетелдегі қандастарға бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық Жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі. ЖОО-ларға автономиялық мәртебе беру – олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Оларға барлық құзірет берілуі керек", - деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын онлайн форматта өткізіп жатыр.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір