• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:43:44
Алматы
+35°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның екінші толқыны жуық арада болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі басшысы Майк Райан онлайн-брифингте коронавирустың екінші толқыны алдағы айларда көптеген елдер үшін "шындыққа айналуы мүмкін" екенін мәлімдеді. 

Доктор Райан "Екінші толқын туралы айтатын болсақ, әдетте аурудың алғашқы толқыны болады, содан бірнеше айдан кейін қайталанады. Бірақ біз аурудың кез келген уақытта өршуі мүмкін екенін білуіміз керек" деді. 

– Адамдар коронавирустың таралуы төмендеп бара жатқандықтан, бәрі төмендей береді деп ойламауы керек. Кейбір елдерде тіпті алғашқы толқынның шарықтау шегі әлі болған жоқ, – деді Райан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ДДҰ Екінші толқын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір