• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:28:22
Алматы
+35°

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардерн дүйсенбі күні таңертең тікелей эфирде сұхбат беріп жатқанда жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңа Зеландияның премьер-министрі бағдарлама жүргізушісі Райан Бриджге сұхбатты жалғастырудан бұрын қобалжығанын сіздіріп, жер сілкінісі болып жатқанын айтты.

"Бізде жер сілкінісі болды, Райан ..." деді премьер-министр сілкініс камера мен айналасындағы басқа заттарды шайқап жатқанын айтып.

– Бұл жерде көрнекті сілкініс болып жатыр ... егер сіз менің артымда тұрған нәрселерді көрсеңіз. Қатты қозғалды, – деді премьер-министр.

Ардерн ханым сол кезде "Бегиви" деп аталатын парламент ғимаратында тікелей эфирде сұхбат беріп жатқан.

Премьер-министр өзін қауіпсіз екенін айтып, сұхбат қайта жалғасты.

Көп ұзамай видео әлеуметтік желілерде кең таралып кетті.

5.6 баллдық жер сілкінісі Жаңа Зеландияның Веллингтон қаласынан солтүстікке қарай шамамен 90 км жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де болған. Бұл бүкіл елде сезілген, бірақ зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір