• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:32:45
Алматы
+35°

"Егер Бейжің Гонконг автономиясын бақылауды күшейтетін ұлттық қауіпсіздік заңын қолданса, АҚШ үкіметі Қытайға санкциялар салуы мүмкін" деп мәлімдеді Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Роберт О’Брайен. Бұл туралы Қамшы тілшісі CNBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

О’Брайеннің айтуынша, заң жобасы Гонконгты басып жаныштауды білдіреді, "Соның салдарынан АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео қаланың автономиялық ерекше орны бар екендігіне кепілдік бере алмайды. Бұл Гонконгтағы адам құқықтары және демократия туралы 2019 жылы қабылданған заңға сәйкес Қытайға санкциялар енгізуге мұрындық болады" деді О’Брайен.

Помпео Қытайдың ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заң жобасын Гонконгтың автономиясы үшін «өлім түйіні» деп атады. Ал, О’Брайен Гонконг жаһандық қаржы үшін басты хаб мәртебесінен айрылуы мүмкін екенін ескертті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақ үй Гонконг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір