• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:14:30
Алматы
+35°

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Саул Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды. Бұл туралы Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Херн хабарлады деп жазады boxingscene.com сайты. 

"Головкин - Шеремет жекпе-жегі тамыз айында, "Канелоның" Сондереске қарсы жекпе-жегі - қыркүйекте өтеді. Ал содан кейін кімдердің кезегі екенін тауып көріңіз? Головкин мен "Канело" желтоқсан айында рингте кездеседі. Жыл аяғында қазіргі жағдай қалыпқа келеді және жанкүйерлердің көпшілігі Лас Вегаста өтетін жекпе-жекті көре алад деп сенемін», - деді Хирн.
 
Естеріңізге салсақ,  бұған дейінгі 2 жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтті.  Біріншісі (2017 жылдың қыркүйегінде) тең есеппен аяқталса, ал екінші (2018 жылдың қыркүйегінде) Альварестің минималды жеңісімен аяқталған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір