• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:37:54
Алматы
+35°

Ақтөбе облысында ер адам өрттен жеті адамды құтқарды.

 

Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылында жеке үй өртенді. Өртке ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №16 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 6 адам, 2 автокөлік (2 шақырым қашықтықта) шықты.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті байқаған көршісі Медет Қалмұханов, терезені сындырып, үй ішіне кірді. Ұйықтап жатқан 7 адамды, оның ішінде 3 бала, 1 жүкті әйелді далаға шығарып үлгірген ол - өзінің сол сәтте бірнеше минутқа кідірмей, бір отбасыны аман алып қалғанына қуанышты.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минут ішінде жетті. 100 шаршы метрден асатын үйдің шатыры мен кіреберістің өртенуі 05 сағат 04 минутта шектеліп, 05 сағат 56 минутта сөндірілді.

Ghj
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментімен Төтенше жағдайлар комитетіне Медет Қалмұхановтың батырлық әрекеті үшін ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсыныс хат жіберілді.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе облысы Өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір