• USD 413.12
  • EUR 452.86
  • RUB 5.82
  • CNY 57.92

22 Мамыр, 2020 Аймақтар

Маңғыстауда түлектерге аттестат 3-4 маусымда табысталады

qamshy.kz

Маңғыстауда түлектерге аттестат 3-4 маусымда табысталады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

Аттестат тапсыру рәсімі 3-4 маусымда өткізіледі. Бұл мерекенің ерекшелігі – салтанатты түрде аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады. Түлектер әдеттегі мектеп формасымен қатысады. Шара міндетті түрде мектеп қабырғасында, таза ауда, тек 11 сынып оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен және барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Мектептерде аттестат табыстау барысында келесі шаралар қабылданады:

  • Шаралардың өткізілуі әр сынып үшін 40 минуттан аспайды және шаралар арасындағы интервал кем дегенде 20 минутты құрайды;
  • Әр іс-шарадан кейін мектептің техникалық қызметкерлері өтетін орынды залалсыздандырады;
  • Параллельді сыныптардың түлектері мен ата-аналарының түйісуіне жол берілмейді.

Қазіргі кезде мектеп басшылығы тарапынан түлектер мен олардың ата-аналарына мектеп бітірушілердің іс-шараларының кестесі, карантин кезеңіндегі балалар мен ата-аналар тарапынан санитарлық талаптар сақталуы туралы  алдын ала  хабарланып жатыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір