• USD 413.12
  • EUR 452.86
  • RUB 5.82
  • CNY 57.92

23 Мамыр, 2020 NEWS

Коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

delo.ua

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйел қайтыс болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев хабарлады, деп жазады Мой город сайты. 

Әйел инфекциялық ауруханада небәрі бір күн болған. Палатада кенет жағдайы нашарлаған. Дәрігерлер реанимациялық емдеу шараларын жүргізгенмен жүрегі тоқтады. Клиникалық бақылау өкпе артериясы эмболиясының асқынғанын көрсеткен. Бұл коронавирус инфекциясымен байланысты емес. Науқас ПЦР тексеруден өтіп, коронавирус инфекциясы анықталған. Бірақ науқаста коронавируспен қатар көп ауру табылған. Жүрек-қантамыр ауруына шалдыққандар есебінде тұрған. Вирус науқастың жағдайының нашарлауына әсер етті ме, жоқ па, оны комиссия шешеді, - деді басқарма жетекшісі.

Әсет Қалиевтің айтуынша, Актөбе облысында коронавирус жұқтырған 250 жағдай тіркелген. Сондай-ақ  63 науқас стационарда жатыр. Екеуі - реанимация бөлімінде. Біреуінің жағдайы - өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. Екінші науқастың жағдайы - ауыр. Науқастар арасында 17 бала бар, 10-ы жазылып шыққан.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір