• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:24:59
Алматы
+35°

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «YESSENOV UNIVERSITY» оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Қайырбек Макулов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта «Yessenov University» академиялық күнтізбеге сәйкес маусым айына дейін емтихан тапсыру аралығы болып есептеледі. Білім алушыларға университет тарапынан емтихан тапсырудың бірнеше түрі ұсынылған. Студенттер өздеріне тиімді бағытқа таңдау жасап, өтініштерін электронды пошта арқылы  берген.  Айта кетейік аталған жоғары оқу орнында орталықтандырылған 788-788 арнайы колл-центр жұмыс жасайды.

-«Елде орын алған төтенше жағдайға байланысты білім алушылар тарапынан оқу ақысы жөнінде бірнеше сұрақ туындауда. Бұл мәселенің бойынша факультет декандары барлық ақпаратты студенттерге жеткізді.  Қандай да бір мәселе туындаған жағдайда студенттер өтініштерін электронды пошта арқылы жіберуге болады. Қазіргі уақытта 514 өтініш қабылданды. Өтініштердің барлығы қанағаттандырылып, оқу ақысын бөліп төлеу мүмкіндігі берілді», - деді «YESSENOV UNIVERSITY» оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Қайырбек Макулов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір