• USD 411.54
  • EUR 458.13
  • RUB 5.84
  • CNY 57.64

22 Мамыр, 2020 Әлеумет

Маңғыстау облысының мәдениет қызметкерлері марапатталды

qamshy.kz

Маңғыстау облысында "Мәдениет және өнер қызметкерлері" күніне арналған салтанатты шара өтті. Өнерді өміріне серік еткен жандарды кәсіби мерекесімен облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев құттықтап, сала мамандарының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.  Басқосуда төл мереке иелері марапатталып, қошеметке бөленді. Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен сазгер, балалар ақыны Көмек Ыбырайұлы,  М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясы, кіші симфониялық оркестрінің әртіс-аспапшысы Тұрсынгүл Меңдіғалиева, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі Ажар Көбегенова, Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрның актрисасы Майра Бақбердиева және "Ақтау қалалық орталық кітапхана" директорының м.а Нұрияш Егдірбекова марапатталды.

Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмовтың алғыс хатымен МО қуыршақ театрының актері Ержан Бигашев, айтыскер ақын Фархад Мусаев, Арт "Өнер" галереясында суретші, безендіруші Аймұрат Таңатаров,  МО кино және мәдени қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Злиха Сапарова марапатталды. Сондай-ақ қала-аудандардағы 17 мәдениет қызметкердің қатыса алмауына байланысты, облыс әкімінің марапаты ауылдарына жолданды. Тағылымды шарада театр, филармония әртістері өз өнерлерін ортаға салды. Онлайн форматтағы басқосу МО мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзинаның және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен өтетін онлайн-сұхбатқа жалғасты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір