• USD 412.55
  • EUR 468.66
  • RUB 5.79
  • CNY 58.8

22 Мамыр, 2020 NEWS

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігіне өтінішті үйден шықпастан беруге болады

Көрнекі сурет

«Электрондық үкімет» порталында жүргізуші куәліктерін беру бойынша көрсетілетін қызмет жетілдірілді, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Енді куәліктің мерзімі өтсе, құжат жоғалған немесе ұрланған кезде, құжат иесінің тегі, аты және әкесінің аты өзгерген жағдайда өтінішті онлайн беруге мүмкіндік туды.

Қызметті жеке тұлғалар пайдалана алады.

– Біз тұрақты және тәулік бойы мониторинг жүргізіп, кері байланыс жасаймыз. Азаматтардан келіп түсетін барлық ұсыныстар жеке кейс ретінде қаралады және пысықталады. Бұл сондай-ақ онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу процесін жақсартуға және жеңілдетуге ықпал етеді, – деді  «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті қолдану үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және коммуникация», «Автомобиль көлігі», «Жүргізуші куәліктерін беру» түймелерін басу керек. Бұдан әрі авторизация жасап, «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту қажет. Барлық міндетті жолақтар толтырылған соң, фотосурет және қол қою үлгісі жүктелуге тиіс. Артынша 1,25 АЕК мөлшерінде төлем жамсап, ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек.

«Тегін, атын және әкесінің атын өзгерту» жолын таңдаған кезде тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы куәлікті жүктеу қажет болады. Құжаттың мерзімі өткен болса, 083-У медициналық анықтамасын, жоғалған немесе ұрланған жағдайда аудандық полиция басқармасынан анықтама тіркеу қажет.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір