• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:13:41
+35°

21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, марапаттады.

а

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен:
ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының міндетін атқарушы Р.Нұрмұханова;
«Ертіс концерт» КМҚК камералық оркестрінің жетекшісі О.Штрауб және жеке орындаушы, дәстүрлі әнші Ә.Тұрғанбаев;
ШҚО драма театрының актері Т.Дузебаев;
Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Бибігүл» халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Н.Төкей;
Абай аудандық Мәдениет үйінің музыка жетекшісі Д.Бекмұханбетов марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен:
Пушкин атындағы облыстық кітапханасының сектор жетекшісі Б.Рахимбаева;
Абай атындағы театрының әртістері А.Сухов және А.Нұрғамыс;
Ұлан аудандық Мәдениет үйінің «Бескөл» фольклорлық ансамблінің әншісі А.Смағұлов марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен:
ШҚО өнер мұражайының маманы Л.Мартынова;
Абай атындағы әмбебап кітапханасының бөлімінің басшысы Г.Бәйкенова;
Абай атындағы театрдың әртісі Е.Ермолаева;
Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Бибігүл» халық аспаптар оркестрінің бас домбыра аспапшысы Ж.Байжомарт;
Семей қаласы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Л.Әлжан марапатталды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Мархабаттың Алғыс хатымен және облысымыздың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен өңір мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосып жүрген ұжымдар, өнер адамдары марапатталды.

Жаны жаңашыл, қоғам руханиятын дамытып жүрген шығармашыл өнер тұлғаларына тек табыс тілейміз!

а

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір