• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:01:52
Алматы
+35°

Биыл Индустрияландыру картасы аясында 1 трлн. теңге сомаға 160 жобаны іске асырып, 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Жұмыс орындары тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-газ химиясы, мұнай өңдеу, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі салаларында құрылады деп күтілуде.

 

Жобалардың басым бөлігі Алматы (33 жоба) және Ақтөбе (20 жоба) облыстарында іске асырылады. Қаржыландыру көлемі бойынша Қарағанды (256,4 млрд.теңге) және Алматы (230,2 млрд. теңге) облыстары көш бастап тұр.

Отандық кәсіпкерлер бастамашы болған барлық жобалар банктердің меншікті және кредиттік ресурстары есебінен жүзеге асырылады.

Жобалар 2020 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылады деп жоспарлануда.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: индустрияландыру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір