• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:17:02
Алматы
+35°

Әлемге танымал Apple және Google компаниялары коронавирус жұқтырған адамның орнын анықтайтын қосымшаны іске қосты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат дерегін негізге алып хабарлайды.

Бұл қосымша әлемнің денсаулық сақтау органдарына коронавирустың таралуын қадағалауға мүмкіндік береді. Әлемнің түрлі елдерінің үкіметі енді бұл технологияны ауру жұқтырған науқастарды және олармен байланыста болуы мүмкін адамдарды бақылау үшін қолдана алады.

20-дан астам ел науқаспен байланыста болған адамдарды бақылауға арналған өз қосымшасын шығарды, бірақ Apple және Google компанияларының бірлесіп жасаған қосымшасы пандемиямен күрес процесін едәуір жеделдетеді деп күтілуде.

Apple және Google 5 құрлықтағы 22 мемлекет, сонымен қатар АҚШ-тың бірнеше штаты API-ге қол жеткізгенін мәлімдеді. Apple және Google компанияларының хабарлауынша, коранавирусы бар науқастарды бақылау технологиясы пандемияны жеңген елдерде біртіндеп өшіріледі.

Бұл технология пандемия ауқымын жеңуге біршама көмектеседі. Сондай-ақ жаһандық экономиканы қалпына келтіру процесінің бір бөлігі бола алады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір