• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:19:26
Алматы
+35°

Қазақстанда көлік жүргізушілеріне арналған өзгерістер жарияланды. Енді жүргізушілерге өзімен бірге құжаттарын алып жүру міндетті емес. Сондай-ақ елде техникалық паспортсыз қолданылған автобөлшектер сатуға тыйым салынады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.

– Автокөлік жүргізушісіне барлық құжатты өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ деген норманы енгізгіміз келеді. Жеке куәлік жеткілікті, себебі біз оның қандай көлігі бар екенін, қанша сенімхат берілгенін, сақтандыру полисінің қашан аяқталатынын, техникалық байқаудан қашан өткенін және оның қанша айыппұлы бар екенін планшет арқылы қарай аламыз. Тұрғындарға құжат толған әмиян ұстап жүрудің не керегі бар – бір жеке куәлік жеткілікті, – деді Тұрғымбаев.

Ол мұндай жүйе Еуропаның кей елінде ғана бар екенін мәлімдеді.

– Бұл тек Қазақстан аймағында ғана жарамды. Басқа мемлекеттің аумағына кірген кезде, әрине, барлық жеке құжат болуы керек, – деді министр.

Сонымен қатар, енді Қазақстанда техникалық паспортсыз қолданылған автобөлшектер сатуға тыйым салынады.

– Ел ішінде біз ішкі сауда ережелерінің заңнамалық бөлігінде бірқатар бастамаларды жүзеге асырдық. Өткен маусымда біз бір норма енгіздік – автомобильдердің қосалқы бөлшектерін тек мамандандырылған дүкендерде сату керек. Қазіргі уақытта біз мамандандырылған дүкендерді бақылауды күшейттік. Ломбард қызметіндегі сияқты, қосалқы бөлшекті автомобиль базарына өткізбес бұрын, қожайыны осы қосалқы бөлшек алынған көліктің техникалық паспортын және өзінің жеке куәлігін көрсетуге міндетті. Яғни, нарықта біз пайдаланылған қосалқы бөлшектердің қайсысы сатылатынын және оларды кім сатылымға шығарғанын біліп отырамыз, – деді ішкі істер министрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір