• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:34:58
Алматы
+35°

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығы Қалмұханбет Қасымовтың "Қазақстан" санаторийінің бұрынғы президенті Қазбек Сұлтан ісіне қатысы жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, – деп хабарлайды  КазТАГ.

"Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығы Қасымовты бірге жұмыс істеген 20 жылдан бері білемін. Соңғы уақытта оның орынбасары болдым. Оны кәсіби маман әрі тәжірибелі басшы деп санаймын. Экс-ішкі істер министрі Қасымовтың қылмыстық іске қатысы жоқ" деген министр тергеу амалдары заң аясында прокуратура қадағалауымен өтіп жатқанын, айыпталушы тараптың адвокаты барын, олардың қылмысқа қатысы бар-жоғын сот анықтайтынын айтты.

Бұған дейін ішкі істер министрлігіне қарасты "Қазақстан" санаторийінің бұрынғы президенті Қазбек Сұлтанның әйелі Альмира Сұлтан күйеуін мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығы Қалмұханбет Қасымовқа қарсы куәлік беруді мәжбүрлегенін мәлімдегені, мұндай талапты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қойғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір