• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:09:19
Алматы
+35°
 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерұлан Жамаубаевты таныстырды. 

Үкімет басшысы Қаржы министрлігінің алдына елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру, бюджеттің атқарылуы, кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыру бойынша маңызы үлкен міндеттер қойылып отырғанын атап өтті. 

А. Мамин Е. Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы зор еңбек тәжірибесі жаңа министрге қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.

Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».

Еңбек жолы:

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 наурыздағы № 7 өкімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалған.

Кеше экс-қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір