• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:44:04
Алматы
+35°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биылғы қыста коронавирустың екінші толқынына дайындалуға шақырады. Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Telegraph-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирус санының күн сайын төмендеуіне байланысты босаңсуға болмайтынын ескертті. ДДҰ Еуропалық аймағының директоры Доктор Ханс Клуге коронавирустың тұмау сияқты басқа да маусымдық аурулармен ұқсастығын, соған қатты алаңдаулы екенін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазір мемлекеттер көп пациенттерді қабылдауға дайын болуы үшін аурухана төсектерін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың уақыты келді.

ДДҰ басшысының ескертуі бойынша, күнделікті жағдай мен өлім саны азайып жатса да, қазір бүкіл Еуропада «мереке емес, дайындалу» уақыты болу керек.

–Бұл ауруханаларда, алғашқы медициналық көмек және реанимация бөлімшелерінде әлеуетті арттыруды білдіруі мүмкін,–деді ол.

–Сингапур мен Жапония бұл мереке емес, дайындық кезеңі екенін ерте түсінді. Скандинавия елдері осылай істеп жатыр. Олар екінші толқынның пайда болуын жоққа шығармайды. Мені екі толқын қатты алаңдатады: күзде бізде Ковидтің екінші толқыны және маусымдық тұмау немесе қызылшаның тағы бір толқыны болуы мүмкін,– деді Доктор Клуге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір