• USD 411.54
  • EUR 458.13
  • RUB 5.84
  • CNY 57.64

17 Мамыр, 2020 NEWS

Израильдегі Қытай елшісі үйінен өлі табылды

Reuters

Израильдегі Қытай елшісі Тель-Авив маңындағы пәтерінен өлі табылды. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Израильдік шенеуніктің айтуынша, полиция тергеуді бастаған. Елші өлімінің себебі әзірге анық емес. 

Бұдан бұрын Украинада елші болып қызмет еткен 57 жастағы Ду мырза Израильге ақпан айында ғана елші болып барған.

BBC ақпаратынша, жұма күні Қытай елшісінің Израиль баспасөзінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға қарсы сұхбаты жарияланған. "Оған себеп –¦ Помпео Израильге сапарында Бейжіңнің коронавирустық пандемия саясатын сынға алған" деп жазды BBC.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір