• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 05:46:54
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимдегі ОВ-156/15 түрмесінде неке қию рәсімі онлайн өтті.

Сотталушы Р. мен сүйіктісі ауыр кезеңді бірге өткізуге бел буған. Қалыңдық неке қию рәсімін онлайн-режимде өткізу үшін АХАТ бөлімінің қызметкерлерімен бірге келген. Қалыңдық оның неке қию туралы куәлікке қол қойғанын бақылап отырды. АХАТ қызметкері оларға негізгі сұрақтарды қойды: олар өмірді бірге өткізуге дайын ба? Бұл шешім екі жақтың келісімімен қабылданған ба? Осылайша күйеу жігіт пен қалыңдық компьютер мониторы арқылы «ИӘ» деп жауап берді.

Жастар бір-біріне жүзік берді, бірақ күйеу жігіт тек бостандыққа шыққан соң тағатын болады. Рәсімге сотталушының әкесі қатысып, жастарды құттықтап, қалыңдыққа гүл сыйлады.

– Жастарға отбасылық бақыт тілейміз және тезірек бір-бірлеріне қосылып, балаларын тәрбиелеулеріне тілектеспіз, – деді ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір