• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:51:21
Алматы
+35°

Үкімет басшысы Өскемен қаласының жаңа шағын ауданындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысымен танысты.

Мұнда жалпы ауданы 400 мың шаршы метрге жуық 48 үй салу жоспарланған. Облыс орталығында соңғы жылдары бірнеше шақын аудандар қолданысқа беріліп, мыңдаған отбасы баспаналы болды. Құрылыс қарқынын оң бағалаған Үкімет басшысы Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысымен де танысты.

Қарағайлы шағын ауданында бүгінгі күні жалпы ауданы 111,965 мың ш. м. 20 үй пайдалануға берілді. 2019 жылы жалпы ауданы 95,883 мың шаршы метр 1269 пәтер болатын 18 үйдің құрылысы басталды.

Асқар Мамин шағын ауданда салынып жатқан сегіз үйдің құрылыс барысымен танысты.

Жалпы, облыста 2020 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 118 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір