• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:51:47
Алматы
+35°

87 шетелдік азамат СҚО-да уақытша тұруға рұқсат алды, деп Polisia.kz хабарлады.

Солтүстік Қазақстанның 8 мыңға жуық тұрғыны карантиндік шаралардың салдарынан жеке басты куәландыратын құжаттарды дер кезінде ресімдей алмады. Олардың 1700-ден астамы 16 жасқа толған облыс тұрғындары, яғни өздерінің алғашқы жеке куәліктерін алушылар. Олар 18 мамырдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарын ресімдей алады.

– Жарамдылық мерзімі ТЖ кезінде өткен және ол тоқтатылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде жеке басты куәландыратын құжаттар жарамды деп танылады. Мерзімі өткен құжаттарды 10 шілдеге дейін ауыстыру қажет, – деді СҚО полиция департаменті көші-қон қызметінің басқармасының басшысы Талғат Әбілов.

13 мамырда көші-қон қызметі орталығы, сондай-ақ көші-қон қызметінің аумақтық бөліністері барлық санитарлық нормаларға сәйкес бұрынғы режимде жұмыс істей бастады, оларға белгілі бір мемлекеттік қызметтерді әр түрлі уақытта алу кестесі жасалды.

– Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, шығу және қалпына келтіру мәселелері бойынша түске дейін, ал 14.30-дан кейін – тұрақты тұруға рұқсат алуға жүгінуге болады. Уақытша тұруға рұқсат пен еңбек патенті жұмыс күні ішінде ресімделеді. Мұндай кесте бір мезгілде келушілердің санын азайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Талғат Әбілов.

ТЖ режимі кезеңінде белгіленген мерзімде елден кете алмаған шетелдіктерге қандай да бір шаралар қолданылмайды. СҚО-да осындай жағдайда карантин уақытында 1500-ге жуық шетелдік қалған.

– 10 шілдеге дейінгі мерзімде қосымша құжаттарды ресімдемей-ақ ҚР тыс жерге шыға алады. Ал Қазақстанда қалуды жоспарлағандар өзінің құқықтық мәртебесін реттеуіне, оның ішінде ҚР-да уақытша тұруға арналған рұқсатты ресімдей алады. Еңбек иммигранттары біздің еліміздің шегінен тыс жерге шықпастан патент алу үшін жүгінуіне болады, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасында.

ТЖ режимі тоқтатылғаннан кейін алғашқы екі күнде СҚО көші-қон қызметіне 120-дан астам азамат өтініштерін тапсырған, оның ішінде 87 шетелдік азаматқа уақытша тұруға рұқсат ресімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір