• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:17:33
Алматы
+35°

АҚШ әскери ұшқыштарының сегіз беймәлім ұшатын нысанды көргені туралы ақпарат жарияланды. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгісіз нысандарды өте жақыннан көру туралы мәлімет «ақпарат бостандығы туралы» құжатта жарияланған. Сегіз түрлі жекелеген мәліметте белгісіз ұшпалы нысандар туралы жазылған. 

Ақпараттардың біреуінде әуе шары тәрізді нысанның соқтығысы туралы хабарланған, ал екіншісінде әскери ұшқыштың чемоданның үлкендігіндей таңқаларлық ұшақты көргені жазылған.

Ақпараттардың жетеуінде 2013/14 жылдарда Вирджиния мен Солтүстік Каролина жағалауындағы әуе кеңістігінде орын алған оқиғалар туралы жазылған. 

Мәліметтердің бәрін "F / A-18E / F Super Hornet" жойғыш ұшақтарымен ұшатын АҚШ әскери-теңіз күштерінің ұшқыштары жазған.

Айта кетейік, Америка  ұшқыштары түсірген белгісіз ұшқыш нысан туралы үш видеоны екі апта бұрын Пентагон ресми түрде жариялаған болатын. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НЛО мәлімет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір