• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:31:35
Алматы
+35°

18 мамырдан елордадағы оңалту орталықтарының жұмысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова хабарлады. 

– 1 маусымнан барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын штаттық режимде қайта бастау жоспарлануда. Сондай-ақ арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық әрі педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары 18 мамырдан жұмысын бастауға дайын. Ерекше білімді қажет ететін әр баламен жеке жұмыстар жүргізіледі, – деді Ш. Қадырова онлайн баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол туындаған сұрақтар бойынша ата-аналар білім басқармасының колл-орталығына хабарласа алатынын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір