• USD 413.12
  • EUR 452.86
  • RUB 5.82
  • CNY 57.92

14 Мамыр, 2020 NEWS

Павлодар облысындағы қақтығыс. Полиция оқ атты (видео)

tengrinews.kz

Полиция қызметкерлері жергілікті кәсіпорындардан күл қалдығын жинайтын қарауылдармен қақтығыс кезінде оқ атты, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Бұл оқиға Павлодар облысы Береке ауылының маңында болған. Оны куәгерлер түсіріп видеоға алған. Видео кадрларынан бір топ ер адам, полиция қызметкерлері және жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері көрінеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл қақтығысқа себеп – жергілікті кәсіпорындардан күл-қоқыс қалдықтары заңсыз алынып келген. Бұл әрекетке Береке ауылының шамамен 30 тұрғыны қатысқан.  

"ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүріп жатыр", – деді өңірлік полицейлер.

Сондай-ақ ведомство өкілдері атысты полицейлердің бастағанын растады. Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындарды тыныштандырып, жағдайды ушықтырмау үшін ауаға оқ атылған. Осыдан кейін жағдай тұрақтанған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір