ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте 11 мамырға дейін 42 500 теңгеге өтініш берген азаматтардың өтініштері міндетті түрде қаралып, тағайындалатынын атап айтты.

– 42 500 теңге мөлшеріндегі төлем – ТЖ режиміндегі шектеулерге байланысты табысынан, жалақысынан айырылған жағдайда төленеді. Бүгінгі күнге дейін 4 млн 539 мың адамға төлем тағайындалып, төленді. Бұған 193 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін өтініштерін өткізгендер – 3 млн 735 мың адам. Осы адамдар екінші айда да төлем алуға құқылы. Ол төлемдерді мамыр айынан бастап іске асыра бастадық. Демалыстың алдында 5-6 мамыр күні 2 млн-ға жуық адамның шешімін рәсімдеп, 99 млрд теңге банктерге жібердік. Біраз азамат алып үлгерді. Бұл төлемдер басқа адамдарға яғни қалғандарына да беріледі, – деп айтты Б. Нұрымбетов.

Министр 11 мамырдан кейін 42 500 теңгеге жаңадан беріліп жатқан өтініштердің қабылдауы тоқтатылатынын  атап айтты.

– 11 мамырда төтенше жағдайдың мерзімі аяқталуына қарай 42 500 теңгеге жаңадан беріліп жатқан өтініштердің қабылдауы тоқтатылады. Бірақ 11 мамырға дейін өткізілген өтініштердің барлығы міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса тағайындалып, төленетін болады, – деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір