• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:52:23
Алматы
+35°

Алматыда төтенше жағдай аяқталды. Дегенмен карантин режимі  әлі жалғасады. Бұл шешімді қала әкімдігі жанынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қабылдады.

Сондай-ақ қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттердің жұмысы бұрынғы күшейтілген режимде жұмыс істейді. 

"Қалада жүргенде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуы тиіс. Оған қоса штабтың шешімімен қалада жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады. Қала тұрғындары карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керек. Карантин режимін бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген хабарламада. 

Карантин жағдайында кімдерге жұмыс істеуге рұқсат берілген?

  • мемлекеттік және құқық қорғау органдары;

  • коммуналдық қызметтер;

  • өнеркәсіп;

  • құрылыс;

  • жобалық ұйымдар;

  • жылжымайтын мүлік агенттіктері;

  • ХҚКО (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);

  • нотариустар;

  • адвокатура;

  • азық-түлік дүкендері мен базарлар;

  • кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);

  • медициналық клиникалар;

  • стоматология;

  • зертханалар;

  • дәріхана;

  • көлік және логистика;

  • дистрибуция;

  • ЖҚС;

  • онлайн жеткізу;

  • Екінші деңгейлі банктер және басқа да қаржы ұйымдары (50%-ке дейін);

  • сақтандыру;

  • ломбардтар;

  • бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 м2 дейін;

  • ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау;

  • шаштараз;

  • фотосалондар;

  • гүл павильондары;

  • химиялық тазарту (кір жуу орындары);

  • техника және аяқ киім жөндеу орындары;

  • баспа үйлері;

  • айырбастау пункттері;

  • ветеринарлық қызметтер.

Сонымен қатар қаладағы қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір