• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:44:33
Алматы
+35°

Коронавирус салдарынан UBER компаниясы 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2,9 миллиард доллар табысын жоғалтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияда өткен жылдың қаңтар-наурыз айларында да 990 миллион доллар шығын болған. Ал, биыл одан үш есе көп зиян тартып отыр.

Алайда Uber басшылығы қазіргі кезде дағдарыстан шығудың реформаларын сәтті жүргізуде. Компания азық-түлік жеткізу ісін қолға алып, дамытумен бірге, артық шығындарды азайту шараларын жасаған.

Нәтижесінде соңғы үш аптаның ішінде Uber-ді пайдаланатын адамдардың саны өскені байқалды.

Uber Eats (компанияның тамақ жеткізу қызметі) кірісі 800 миллион долларды құрады. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға жоғары.

Дегенмен, Силикон алқабы фирмасы жалғасып жатқан пандемиядан қатты зардап шеккенін мойындаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Uber Дағдарыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір