• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:43:59
Алматы
+35°

Айтыскер ақын Ринат Зайытов Іnstagram парақшасында Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басуы басшылықтың немқұрайлылығының салдары екенін айтты.

"Көктем келе салысымен жылда халқымыз жадырап, жайнап күлудің орнына су астында қалып, зар жылап, шарасыз шулайтыны біздің елде әдетті жағдайға айналып бара жатқандай. Жылда Қазақстанның әйтеуір бір-екі өңірі суға батады да жатады. Халық ақша жинайды, біз жұбату сөзін айтып, сабырға шақырамыз. Жыл сайын осы. Неге? Себебі біреу, басшылыққа бәрібір. Міне осы арсыздардың немқұрайлылығының зардабын жазықсыз халық тартады да жатады. 

Әйтпесе, сол Мақтаралдың халқын алдын ала неге ескертіп, неге көшіруге жәрдем бермеді? Әттең... тістеніп отырып жазу жазудан, белсенді топқа азғантай тиын аударудан басқа қолымыздан түк келмейді... Ей, арсыздар ойлансаңдаршы.

Жылда суда қалып жатырмыз ғой. Қашан әрекет жасайсыңдар? Келесі қай облыс?

Ең болмаса соны ертерек ескертіп айтыңдар.

"Ғажаппыз"- деп жылда айтқанмен атамыз:
Бір апатқа жылда ұшырап жатамыз.
Қыс келгенде жылу таппай үйлерге,
Көктем келсе топан суға батамыз.

Жемірлерге басты уайым өз басы,
Белгілі ғой халыққа қол созбасы.
Ей әкімдер, бұл жай ғана су емес,
Бұл жазықсыз халқымыздың көз жасы!", – деп жазды ақын. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Көктем келе салысымен жылда халқымыз жадырап, жайнап күлудің орынына су астында қалып, зар жылап, шарасыз шулайтыны біздің елде әдетті жағдайға айналып бара жатқандай. Жылда Қазақстанның әйтеуір бір-екі өңірі суға батады да жатады. Халық ақша жинайды, біз жұбату сөзін айтып, сабырға шақырамыз. Жыл сайын осы. Неге? Себебі біреу, басшылыққа бәрібір. Міне осы арсыздардың немқұрайлылығының зардабын жазықсыз халық тартады да жатады. Әйтпесе, сол Мақтаралдың халқын алдын ала неге ескертіп, неге көшіруге жәрдем бермеді? Әттең... тістеніп отырып жазу жазудан, белсенді топқа азғантай тиын аударудан басқа қолымыздан түк келмейді... Ей, арсыздар ойлансаңдаршы. жылда суда қалып жатырмыз ғой. Қашан әрекет жасайсыңдар? Келесі қай обылыс? Ең болмаса соны ертерек ескертіп айтыңдар. "Ғажаппыз"- деп жылда айтқанмен атамыз Бір апатқа жылда ұшырап жатамыз. Қыс келгенде жылу таппай үйлерге Көктем келсе топан суға батамыз. Жемірлерге басты уайым өз басы Белгілі ғой халыққа қол созбасы Ей әкімдер, бұл жай ғана су емес Бұл жазықсыз халқымыздың көз жасы

Публикация от Ринат Заитов (@rinat_zaitov_resmi)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір