• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:18:28
Алматы
+35°

Жұмыспен қамтудың жол картасы және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Еңбекмин басшысы барлық өңірде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыс орындарын құру жөніндегі іс-шараларды қарастыратын 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын, басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтитын кешенді жұмыспен қамту жоспарлары бекітілгенін мәлімдеді.
 
– Барлық іске асырылып жатқан бағдарламалардың әлеуетін ескере отырып, 2020 жылы жұмыспен қамтуды ынталандыру шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту мүмкіндігі бар. Соның ішінде 855 мың адам Жұмыспен қамтудың жол картасы және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша назарға алынса, басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша жергілікті және орталық атқарушы органдар қосымша 364 мың адамды қосымша қамтуды жоспарлап отыр, – деді Біржан Нұрымбетов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір