• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:59:53
+35°

Ким Чен Ын көпшілік алдына қайта шыққан кезде, оның білегінде жұмбақ белгі байқалған. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Кореяның көшбасшысы 20 күн жоғалып, тыңайтқыш шығаратын зауыттың ашылу салтанатында халық алдында кенеттен пайда болған кезде, оның білегінен  байқалған жұмбақ таңба бақылаушылардың назарына ілінді.

"Ким Чен Ынның білегіндегі жұмбақ белгіден кем дегенде оған не болғанын білуге болады" деп жазады британиялық басылым.

Ким Чен Ынның білегіндегі белгіні Солтүстік Кореядағы тәуелсіз жаңалықтар қызметі NK News алғаш байқаған.

"38 жастағы диктатор үш апта із-түссіз кетіп, қайта көпшілік алдына шыққан кезде оның білегінде жаңа жұмбақ белгі болды" деп хабарлады NK News.

АҚШ медициналық маманының айтуынша, бұл белгі жүрек-қан тамырлары процедурасынан туындаған тыртық болуы мүмкін.

"Анализге қан үлгісін алу кезінде қалған белгі болуы ықтимал" деді мамандар. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ким Чен Ын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір